
Құрметті сайт пайдаланушылары!
Сіздерді Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөліміне қарасты «Новосельское ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің ресми сайтында қарсы алғаныма қуаныштымын!Заманның жаңа тынысы – сындарлы диалогтың негізі болып отырғаны қуантады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында: «Табысты ұлт қалыптастырудың маңызды факторы – орта білімнің сапасы. Қазақстанның әрбір оқушысы сапалы білім алуға және жан-жақты дамуға лайықты жағдайларға ие болуы керек. Әділетті Қазақстанды құруда мектеп мұғалімдері шешуші рөл атқарады», – деп атап өтті.Осыған байланысты мектеп педагогтеріне өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту сияқты жауапты міндет жүктеліп отыр.Біздің мектеп заманауи білім беру жүйесінің үлгісі ретінде әрдайым нәтижелі ынтымақтастыққа дайын. Мектеп сайтының ақпараттық ресурсының негізгі бағыты – білім беру ұйымының сан қырлы қызметіне қатысты өзекті ақпараттарды жариялау.
Сіздер күн сайын оқу ордамыздың сан алуан өмірімен виртуалды түрде танысып, жетістіктеріміз, инновациялық оқыту нәтижелері және жан-жақты тәрбие жұмыстары туралы ақпарат ала аласыздар.
Сонымен қатар, сіздер де мектеп сайтының белсенді қатысушысы болып, сұрақтарыңызды қойып, өз ұсыныс-пікірлеріңізді білдіре аласыздар.
Біздің мектеп сайты «Болашақты бірге құрамыз!» ұранымен жұмыс істейді.
Құрметті педагогтер, ата-аналар, оқушылар және сайт пайдаланушылары!
Сіздерді мектеп өмірін ақпараттық тұрғыда жария ету бағытындағы ынтымақтастыққа шақырамын!
Біз жасампаздық пен жағымды қарым-қатынасқа әрдайым ашықпыз!
Сенім телефоны: 8 (716-43) 923-49
Құрметпен,
мектеп директорының міндетін атқарушы
Чарушин Дмитрий Юрьевич